Әр жүктілікке және босануға жеке қарау
АКУШЕРЛІК, ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ПЕРИНАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ
МИССИЯСЫ ЖӘНЕ ПАЙЫМЫ
Біздің миссиямыз:

Әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, Акушерлік, гинекология және перинатология саласында жаңа білім қалыптастыру және жоғары білікті кадрлар даярлау.
Біздің пайымымыз:

Академиялық, клиникалық, ғылыми және инновациялық қызметтің үздік әлемдік тәжірибесін біріктіретін Орталық Азия аймағындағы акушерлік, гинекология және перинатология саласындағы жетекші ғылыми орталық. АГжПҒО құндылықтары мен этикалық принциптері Пациентке назар аудару. Жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету. Біздің басым бағытымыз – пациенттердің көрсетілген қызметке барынша қанағаттануы. Әр пациентті құрметтеу. Өз іс- әрекетімізге және айналамызда болып жатқан жағдайларға жауапкершілік.

  • Ашықтық. Емхана қызметінің ашықтығын, халықтың толық және сенімді ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету. Біздің басты мақсаттарымыз бен құндылықтарымыз адамдарға және қоғамға қызмет етуге бағытталған.
  • Халықаралық сапа стандарттары . Халықаралық стандарттар деңгейінде медициналық қызметтердің барлық деңгейлері мен түрлерін көрсету.
  • · Бәсекеге қабілеттілік . Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, халықаралық ғылыми, клиникалық және білім беру қауымдастығына интеграциялау.
  • · Сабақтастық. Біз ұстаздарымыздың тәжірибесін, білімін, жетістіктерін пайдаланамыз. Ұжымда кәсіпке адалдық, өзара көмек, сенім, сыйластық, қолдау, ортақ мақсатқа жетуде, кәсіби, ғылыми және білім беруде салауатты сынды қабылдау принциптеріне адалдықты тәрбиелейміз.
  • Әлеуметтік жауапкершілік . Идеяларымызды шындыққа айналдыру еліміздің әлеуметтік-демографиялық дамуына, күшті және тұрақты қоғамның іргетасын нығайтуға ықпал етеді.
  • Академиялық. Біз медицина кадрларының жаңа буынын қалыптастыруға үлес қосып, кәсіби қызметтің барлық деңгейінде үздіксіз білім беру үдерісін қамтамасыз етеміз.
  • · Қаржылық тұрақтылық . «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ одан әрі дамыту бойынша тиімді қаржылық қызметті қамтамасыз ету.
Контактілер
Мекен-жайы: Алматы қ., Достық даңғылы, 125.
+7 (727) 300‒45‒99
*  Пациенттердің кіріс қоңырауларын қабылдау және өңдеу;
* Медициналық орталықтың қызметтері, жұмыс режимі, процедуралардың құны және басқа да ақпараттар бойынша пациенттерге кеңес беру;
* Белгіленген регламентке сәйкес пациенттерді дәрігерлерге және процедураларға жазу;
* Пациенттер туралы және олардың сұраныстары туралы ақпаратты деректер базасына енгізу және өңдеу;
* Жоғары деңгейдегі қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және медициналық орталықтың оң имиджін қолдау;
* Клиенттермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және оқуға қатысу.

rnicozmir_50@mail.ru
8.00 до 18.00
Made on
Tilda