Әр жүктілікке және босануға жеке қарау
АКУШЕРЛІК, ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ПЕРИНАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ
Көп босану ағзаға қалай әсер етеді: Мамандар көпбалалы ана болудың салдарын түсіндірді
Көпшілік арасында “көп босану әйелдің денсаулығын әлсіретеді”, “екінші немесе үшінші баланы босану алғашқысына қарағанда қиын” деген пікір жиі айтылады. Бұл қаншалықты рас? Осыған орай Stan.kz мамандардан мән-жайды сұрап көрді. 
Желіде dalida.naukenova есімді қолданушы Instagram парақшасында видео жариялады. Ол осы кадрмен әр босану кезеңінде өзінің қандай күйде болғанын көрсеткен.
“Соңғы босанған сәтім өмірімдегі ең ауыры болды. Көп қан жоғалттым, денем ісініп кетті, басым қатты ауырды. “Әйел қанша көп бала туса, әр келесі босануы соғұрлым жеңіл болады” деген мифті кім шығарғанын білмеймін. Керісінше, ағза шаршайды, әр босанған сайын қалпына келуі қиындай түседі”, – деп жазды ол. 
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі акушер-гинеколог Сабира Күлшімбаевадан мән-жайды сұрады. 
“Бірнеше жүктіліктен соң әйел ағзасында өзгерістер болады”
Акушер-гинеколог Сабира Күлшімбаеваның айтуынша, жүктілік пен босану – әйел ағзасынан мол күш-қуат пен ресурсты талап ететін күрделі физиологиялық процесс. 
“Әр босанудан кейін ағза қалпына келеді. Алайда оның қаншалықты тез әрі толық қалпына келуі әйелдің жасына, денсаулық жағдайына, жүктіліктің қалай өткеніне, асқынулардың болуына және босанғаннан кейінгі күтіміне байланысты. Көп рет босану өз алдына ауру саналмайды және әйелдің денсаулығы міндетті түрде нашарлайды дегенді білдірмейді. Ең бастысы дүниеге келген балалардың саны емес, әйелдің әр жүктілікке қандай денсаулық жағдайымен келгені маңызды”, – дейді акушер-гинеколог.
Маманның сөзінше, әр жүктілік сайын жүрек-қан тамырлары жүйесіне, тірек-қимыл аппаратына және жамбас түбі бұлшықеттеріне түсетін жүктеме артып, гормон өзгерістері жүреді.
Дәрігердің айтуынша, әр жүктілік – жеке жағдай. Сондықтан төртінші босану міндетті түрде алғашқы босанудан ауыр өтеді деуге болмайды. Алайда бірнеше жүктіліктен кейін әйел ағзасында белгілі бір өзгерістер болуы мүмкін.
“Бірнеше жүктіліктен кейін жамбас түбі бұлшықеттері әлсіреп, қан аздық, дәрумендер мен микроэлементтердің тапшылығы, буындарды ұстап тұратын байламдардың әлсіреуі немесе варикоз сияқты мәселелер жиі кездесуі ықтимал.Оған қоса төртінші жүктілік кезінде әйелдің жасы да ұлғаяды. Сондықтан бастысы – босану саны емес, әйелдің жалпы денсаулығы”, – дейді Сабира Күлшімбаева.
Сонымен қатар дәрігер қазіргі медицинада әйелдің нақты қанша рет босануы керек екенін белгілейтін бірыңғай талап жоқ екенін айтты.
“Бір әйел үшін бірнеше жүктілік қауіпсіз өтсе, екінші әйелдің денсаулығына байланысты жүктіліктің саны шектелуі мүмкін. Сондықтан шешім әр адамға жеке қабылданады. Мұнда әйелдің жасы, созылмалы аурулары, жатырдың жағдайы және алдыңғы жүктіліктердің қалай өткені ескеріледі”, – дейді дәрігер.
Сабира Күлшімбаева ағза толық қалпына келу үшін жүктілік арасы қанша уақыт болу керегін мәлімдеді. Дәрігердің сөзінше, орта есеппен босанулардың арасы 18–24 ай болғаны дұрыс.
“Әсіресе кесарь тілігінен кейін, ауыр босану немесе қаназдық сияқты асқынулар болса, ағзаға толық қалпына келуге жеткілікті уақыт қажет”, – дейді маман.
Дәрігердің сөзінше, 35 жастан кейін кейбір жүктілік асқынуларының қаупі артады.
“Бұл жаста артериялық қысымның жоғарылауы, гестациялық қант диабеті және ұрықтағы хромосомалық ауытқулардың қаупі көбірек болуы мүмкін. Бірақ жас – диагноз емес. Қазір көптеген әйел 35–40 жастан кейін де дені сау бала дүниеге әкеліп жүр”, – дейді ол.
Бірнеше рет босану ағзаға қалай әсер етеді?
Маманның айтуынша, бірнеше рет босану жамбас түбі бұлшықеттеріне, омыртқаға және гормон жүйесіне әсер етуі ықтимал.
“Кейбір әйелдерде іштің төменгі бөлігінде ауырлық сезімі, несепті ұстай алмау немесе бұлшықет тонусының төмендеуі байқалады. Сонымен қатар жүктілік омыртқаға, арқа бұлшықеттеріне және буындарды ұстап тұратын байламдарға қосымша күш түсіреді. Ал гормон жүйеcі, әсіресе бала емізу кезеңінде, елеулі өзгерістерге ұшырайды. Соған қарамастан әйел ағзасының қалпына келу мүмкіндігі өте жоғары”, – дейді Сабира Күлшімбаева.
Дәрігер жүктілік кезінде ағзаның қоректік заттарға деген қажеттігі артатынын айтты.
“Темір плацентаның қалыптасуына және ана мен баланы оттегімен қамтамасыз етуге жұмсалады. Сондықтан босанған соң қаназдық жиі кездеседі. Кальций, D дәрумені, ақуыз және басқа микроэлементтер де өте маңызды. Бірақ жүктілік әйелдің денсаулығын “алып қояды” деу дұрыс емес. Егер дұрыс тамақтанып, қажет дәрумендер мен минералдардың тапшылығы уақытында толықтырылса, денсаулықты сақтауға болады”, – дейді ол.
Оған қоса дәрігер бірнеше рет босанған әйелдердің ағзасында қандай бұзылулар болатынын жеткізді.
“Бірнеше рет босанған әйел ағзасында қаназдық, темір тапшылығы, варикоз, жамбас түбі бұлшықеттерінің әлсіреуі, арқа мен буындардың ауыруы, зат алмасудың бұзылуы және созылмалы аурулардың асқынуы жиі байқалуы мүмкін. Алайда бұл барлық әйелде міндетті түрде кездеседі деген сөз емес. Алдын алу шараларының маңызы өте зор”, – дейді ол.
Сонымен қатар акушер-гинеколог босанған соң әйелдер міндетті түрде өз денсаулығына көңіл бөліп, бірқатар медициналық тексеруден өтуі қажет екенін айтты. Дәрігердің сөзінше, әйел дүниеге сәби әкелген соң мына тексерулерден өтуге тиіс: 
  • акушер-гинекологтың қарауы;
  • жатырдың қалпына келуі мен кіші жамбас ағзаларының жағдайын бағалау;
  • жалпы қан талдауын тапсыру, қажет болған жағдайда темір мен ферритин деңгейін анықтау;
  • көрсетілім бойынша D дәрумені мен басқа да көрсеткіштерді тексеру;
  • жамбас түбі бұлшықеттерінің жағдайын бағалау;
  • артериялық қан қысымын бақылау;
  • жасына және жеке қауіп факторларына сәйкес профилактикалық тексерулерден өту.
Маманның айтуынша, сәби дүниеге келген соң әйел бала күтіміне ғана емес, өзінің де денсаулығына уақыт бөлуі керек.
Сөз соңында Сабира Күлшімбаева көпбалалы аналарға мынадай кеңес берді:
  • профилактикалық тексерулерден тұрақты өтіп тұрыңыз;
  • ағзадағы дәрумендер мен микроэлементтердің тапшылығын толықтырыңыз;
  • мүмкіндігінше дұрыс тамақтанып, жеткілікті демалыңыз;
  • жамбас түбі бұлшықеттерін күшейтетін жаттығулар жасаңыз;
  • дене белсенділігін сақтаңыз;
  • қандай да бір мазалайтын белгілер пайда болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.
Сабира Күлшімбаеваның сөзінше, көпбалалы ана – физикалық әрі эмоциялық жүктемесі жоғары әйел. Сондықтан олардың денсаулығына ерекше көңіл бөлініп, уақытылы медициналық көмек пен қолдау көрсетілуі маңызды дейді.
Көп босанған әйелдер неге жоғары қауіп тобына жатады?
Ана мен бала ғылыми орталығының жоғарғы санатты акушер-гинеколог дәрігері Сәуле Жалғасбаеваның айтуынша, көп рет босанған әйелдер акушерлікте жоғары қауіп тобына жатады. Оларға жүктілік пен босану кезінде ерекше медициналық бақылау керек дейді дәрігер.
“Әр жүктілік әйел ағзасына белгілі бір жүктеме түсіреді. Ең алдымен жүрек-қан тамырлары жүйесіне, бүйрекке, эндокрин жүйесіне, көктамырларға және омыртқаға салмақ артады. Жүктілік жиілеген сайын бұл өзгерістер жинақталып, түрлі асқынулардың даму қаупі жоғарылайды. Сондықтан көп босанған әйелдерді жоғары қауіп тобына жатқызамыз”, – деді дәрігер.
Дәрігердің сөзінше, көп босанған әйелдерде босанғаннан кейін қан кету қаупі артады. Себебі жиі босану жатыр бұлшықетінің жиырылу қабілетін әлсіретеді. Сонымен қатар бала жолдасының орналасуы мен ажырауына байланысты асқынулардың қаупі де жоғары болады.
“Көп босанған әйелдердің басым бөлігінде созылмалы қаназдық кездеседі. Өйткені ағза әр жүктіліктен кейін толық қалпына келіп үлгермейді. Көп босанған әйелдерде темір, фолий қышқылы, В12 дәрумені сияқты маңызды қорлар азаяды. Соның салдарынан түрлі анемия дамиды. Сонымен бірге аяқтағы және жыныс мүшелеріндегі варикоз, жамбас бұлшықеттерінің әлсіреуі, несепті ұстай алмау, жамбас ағзаларының төмен түсуі, артық салмақ пен қант диабетінің даму қаупі артады”, – деді акушер-гинеколог.
Неліктен төртінші босану бірінші босануға қарағанда ауыр болуы мүмкін?
Дәрігердің айтуынша, төртінші немесе одан кейінгі босанудың ауыр өтуіне көбіне ананың жасы мен денсаулық жағдайы әсер етеді. Оған қоса дәрігер бұрын жасалған кесарь тілігі немесе жатырға жасалған операциялар келесі босануға әсер ететінін айтты.
“Алайда бұл әрбір көп босанған әйелде міндетті түрде болады деген сөз емес. Мұнда ең маңыздысы – жүктіліктер арасындағы уақыттың сақталуы, ағзаның толық қалпына келуі және әйелдің жалпы денсаулығы. Сондықтан жүктіліктің саны емес, ананың денсаулығы маңыздырақ”, – деді Сәуле Жалғасбаева.
Дәрігерлер әйелге қанша рет босануға рұқсат береді?
Маманның айтуынша, медицинада әйелдің қанша рет босана алатынын белгілейтін нақты шектеу жоқ.
“Әр әйел үшін әртүрлі. Шешім ананың жасына, жалпы денсаулығына, бұрынғы жүктіліктері мен босануларының қалай өткеніне, созылмалы ауруларының болуына, жатырда тыртықтың бар-жоғына және басқа да көп факторларға байланысты қабылданады”, – деді дәрігер.
Сәуле Жалғасбаеваның айтуынша, клиникалық хаттамаларға сәйкес келесі жүктілікті кемінде екі жылдан кейін жоспарлаған дұрыс.
“Екі жыл ішінде жатыр толық қалпына келеді. Егер әйелге кесарь тілігі жасалған болса, осы уақыт аралығында жатырдағы тыртық та толық жазылады. Сонымен қатар ағзадағы темір, дәрумендер мен басқа да микроэлементтердің қоры қалпына келеді. Бұл келесі жүктіліктің қауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді”, – деді ол.
Дәрігердің сөзінше, жоспарланған жүктіліктен шамамен алты ай бұрын ерлі-зайыпты жүктілікке дайындықты бастауы қажет.
“Осы кезеңде толық тексеруден өтіп, темір мен дәрумен тапшылығын толықтырып, созылмалы ауруларды ремиссияға жеткізу маңызды. Сонда ғана ағза келесі жүктілікке дайын болады”, – деді акушер-гинеколог.
Дәрігердің айтуынша, 35 жастан кейін жүктілік кезінде бірқатар қауіп артады.
“35 жастан асқан әйелдерде қант диабеті, артериялық гипертензия, преэклампсия, мерзімінен бұрын босану және кесарь тілігі арқылы босану қаупі жоғарылайды. Сонымен қатар ұрықтағы хромосомалық ауытқулардың даму ықтималдығы да артады. Ал 40 жастан кейін бұл қауіптер одан әрі күшейеді”, – деді Сәуле Жалғасбаева.
Осыған байланысты дәрігер 35 жастан асқан әйелдерге жүктілікті алдын ала жоспарлап, ерте мерзімде есепке тұруға және дәрігердің тұрақты бақылауында болуға кеңес береді.
Сәуле Жалғасбаеваның айтуынша, босанған соң әр әйел міндетті түрде акушер-гинекологтың бақылауына барып, ағзаның қалпына келуіне көңіл бөлуі керек.
“Босанған соң темір, дәрумендер және басқа да микроэлементтердің тапшылығын толықтыру маңызды. Сонымен қатар жыл сайын профилактикалық тексеруден өтіп, келесі жүктілікті міндетті түрде жоспарлау қажет. Жүктіліктер арасындағы екі жылдық аралық ағзаның толық қалпына келуі үшін өте маңызды”, – деді дәрігер.
Ол ең бастысы босанудың саны емес, ана мен баланың денсаулығы екенін айтты. 
“Әрбір жүктілік дәрігердің бақылауымен жоспарлануы керек. Ең маңыздысы қанша бала дүниеге әкелгеніңіз емес, ана мен баланың денсаулығы. Ағза толық қалпына келген соң ғана келесі жүктілікті жоспарлаған дұрыс. Сонда ғана дені сау ана мен дені сау бала қағидасына қол жеткіземіз”, – деді Сәуле Жалғасбаева.
Бұрындары әйелдер жүктіліктен қалай қорғанған?
Босану мәселесі тек медицинамен шектелмейді. Қазақ қоғамында көпбалалы ана болу ежелден құрметтің белгісі саналған. Алайда бүгінде “қазақ әйелдері бұрын контрацепция болмағандықтан ғана көп босанған” деген пікір жиі айтылады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Сауалға этнограф Зубайда Сұрғанова жауап берді. Оның сөзінше, дәстүрлі қазақ қоғамында әйелдердің көпбалалы болуы контрацепцияның жоқтығымен байланысты емес.
“Тууды белгілі бір деңгейде реттеудің өз жолдары болған. Әйелдер тәжірибесі арқылы ағзасының ерекшеліктерін зерттеген. Мәселен, етеккір циклін бақылаған, овуляция кезеңдерін шамамен анықтай алған. Ал келіннің аяғы ауыр екенін байқаған енесі оны мүмкіндігінше ауыр дене еңбегінен қорғауға тырысқан. Тіпті құрсақтағы сәбиді аман сақтау үшін түрлі ырым-жоралғылар жасап, бәле-жаладан сақтайтын ғұрыптарды да қолданған”, – дейді этнограф.
Этнографтың айтуынша, дәстүрлі қоғамда әйелдің әулеттегі дәрежесі бала сүю қабілетімен бағаланған. Әсіресе көп ұл тәрбиелеген әйелдердің мәртебесі жоғары болған.
“Төрт және одан да көп ұл тәрбиелеген аналарды "алтын құрсақ" деп атаған. Қоғамда және отбасында көпбалалы анаға деген құрмет ерекше болған. Көшпелі өмір салты өте ауыр болғандықтан, көпбалалы аналар сирек кездескен”, – дейді Зубайда Сұрғанова. 
Зубайда Сұрғанованың айтуынша, қазақ қоғамында көпбалалы отбасы рудың күші мен қуатының белгісі болған.
“Үлкен әулеттің экономикалық әрі әлеуметтік мүмкіндігі жоғары болды. Еңбек ететін адам да, ел қорғайтын азамат та көп еді. Сонымен қатар жақсы жайылымдар мен қыстауларға ие болып, қарсыласына төтеп беруге қабілетті саналатын”, – дейді ол.
Этнографтың сөзінше, әйелдің қоғамдағы беделі де аман-есен өсіп келе жатқан балаларының санына байланысты болған. Сондықтан бала туу отбасының бақыты ғана емес, әйелдің өз орнын нығайтудың маңызды жолы ретінде қабылданған дейді этнограф. 
Этнограф әйелдер көп баланы ер адамдардың қалауымен дүниеге әкелді деген пікірмен келіспейтінін айтты.
“90%-дан астам әйел өзі бала сүюге мүдделі болған. Өйткені бұл олардың отбасындағы орнын нығайтатын еді. Ал жесір қалған әйелдің қоғамдағы орны көбіне есейген ұлдарының бар-жоғына байланысты болған. Егер ұлы анасын қорғап, құрметтесе әйелдің қоғамдағы және әулеттегі орны әлдеқайда берік болған. Сондықтан бала әйел үшін әлеуметтік тірек саналған”, – дейді этнограф.
Бедеулікке көзқарас қандай болды?
Этнографтың айтуынша, дәстүрлі қоғамда бедеу әйелдер кемсітушілікке ұшыраған. Оларды жиындарға, әсіресе тойларға және балаға қатысты салт-жоралғыларға шақырмаған деседі. 
“Десе де бедеулік әйелдерге ғана тән мәселе емес. Тарихта ерлер арасындағы бедеуліктің де мысалдары кездеседі. Бірақ қоғамда әйелді кінәлау оңайырақ болған. Мәселен, Наурыз мейрамының шығуы туралы аңыздардың бірінде Алаша ханның ұрпақсыз қалған Наурыз атты бауыры өзінен кейін есімі ұмытылып кетпеуі үшін мерекеге өз атын беруді өтінгені айтылады. Өйткені оның өзін еске алып, атын жалғастыратын ұрпағы болмаған. Бұл да ерлер арасындағы бедеуліктің тарихи мысалдарының бірі ретінде айтылады”, – дейді этнограф.
Зубайда Сұрғанованың айтуынша, бұрындары адамдар таза ауда жүріп, көп қимылдаған. Ал бұл адам ағзасына оң әсер береді дейді.
“Әрине, көп босану әйелдің денсаулығына әсер етті. Бірақ бұл әр әйелдің ағзасына байланысты әртүрлі болды. Бұрында әйелдер таңнан кешке дейін таза ауада көп жүріп, көп қимылдаған. Сәйкесінше одан денесі шыныққан. Ал қазір адамдардың өмірі көбіне кеңседе өтіп, кейін спортзалға барумен шектелсе, ол кезде күнделікті тіршіліктің өзі тұрақты дене еңбегін талап ететін. Тіпті дәстүрлі тағамдар да адамның денсаулығына оң әсерін берді”, – дейді этнограф.
Этнографтың сөзінше, XIX ғасырда қазақтардың дене бітімі мығым, денсаулығы мықты халық болған. Сол кезеңде қазақ әйелдерінің шебер шабандоз болғаны да айтылады.
Этнографтың айтуынша, дәстүрлі қазақ қоғамында жүктіліктің алдын алу мәселесі әйелдер арасында ғана талқыланған.
“Өз ағзасын жақсы білетін әйелдер қауіпсіз күндерді шамамен есептей алған. Оған қоса баланы ұзақ уақыт емізу келесі жүктіліктің алдын алуға көмектеседі деген түсінік болған. Кейбір балаларды бес-жеті жасқа дейін емізген жағдайлар кездескен. Әйелдер түрлі өсімдіктерді қолданып, жүктілікті кейінге қалдыруға ықпал ететін шөптерді пайдаланған”, – дейді Зубайда Сұрғанова.
Өмір айнасы
Stan.kz
Бейсенбі, 02 Шілде, 2026 09:00

Ұлттық статистка бюросының есебі бойынша 2026 жылы Қазақстанда ресми 6 млн-нан астам отбасы бар.
Ұлттық статистка бюросының есебі бойынша 2026 жылы Қазақстанда ресми 6 млн-нан астам отбасы бар. Соның 10 пайызы көпбалалы болса, шамамен 15 пайызы бір перзентке зарғып жүргендер. Әрине, балалы бола алмаудың себебі сан түрлі. Сондай себептің бірі - орфан диагнозы. Бұл өте сирек кездесетін бедеулікпен тең генетикалық аурулар тобы. Дегенмен, медицинаның бір орында тұрмайтыны бар. Сондықтан оның емдеу жолын ғалымдар тауып отыр. Нәтижесі де жаман емес.

«Jibek Joly» телеарнасы ұсынады! Теледидардан 7-ші батырманы қосуды ұмытпа! Бізді Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР
Алматыда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында бедеулікті емдеудің заманауи әдістері талқыланды

2021 жылдан бері аталған бағдарлама арқылы Қазақстанда 20 мыңнан астам экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) циклі жүргізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында репродуктивті медицина мамандары көмекші репродуктивті технологиялардың дамуы мен «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасының нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдан бері аталған бағдарлама арқылы Қазақстанда 20 мыңнан астам экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) циклі жүргізілді. Соның нәтижесінде 6–8 мыңға жуық сәби өмірге келген. ЭКО-ға бөлінетін квоталар саны 7 мыңға дейін ұлғайып, көп отбасына ата-ана болуға мүмкіндік берді. Бұл жөнінде Ана мен бала денсаулығын қорғау ұлттық ғылыми орталығының ЭКО бөлімінің меңгерушісі Эльвира Сарманова мәлімдеді.
Маманның айтуынша, орталықта соңғы жылдары жоғары технологиялық әдістер қарқынды енгізілуде. Атап айтқанда, жатырішілік ұрық хирургиясы мен эмбрионның генетикалық диагностикасы сияқты инновациялық тәсілдер қолданылып, туа біткен патологияларды емдеу бағытында жаңа операция түрлері дайындалуда.
«Біздің басты мақсатымыз – бедеулікке тап болған жұптарға бала сүю мүмкіндігін сыйлау. Бұл – тек медициналық емес, әлеуметтік маңызы бар бағыт», – деді Эльвира Сарманова.
Эмбриолог Мадина Спанова репродуктивті технологияларда time-lapse жүйесінің енгізілуі нәтижесінде эмбрионның дамуын үздіксіз бақылау мүмкін болғанын айтты. Бұл әдіс табысты нәтижеге жету ықтималдығын арттырады. Оның сөзінше, орталықта екі негізгі тәсіл қолданылады – дәстүрлі IVF және ICSI әдісі. Соңғысы сперматозоидтардың белсенділігі төмен болған жағдайда қолданылады.
Сондай-ақ, маман эмбриондарды мұздату (криоконсервация) процесінің ерекшеліктерін түсіндірді.
«Арнайы ортада ылғалдылығы азайтылған эмбрион сұйық азотқа орналастырылады, онда температура -196°C-қа дейін жетеді. Бұл әдіс эмбрионның тіршілігін ұзақ уақыт сақтап, қажет болған сәтте оны ерітіп, қайта қолдануға мүмкіндік береді», – деді ол.
Репродуктолог Фирюза Кулманбетова бедеуліктің себептері әйелдерде де, ерлерде де тең дәрежеде кездесетінін атап өтті. Әйелдерде жиі кездесетін факторлар – овуляцияның бұзылуы, эндометриоз, гормондық теңсіздік және жатыр түтіктерінің бітелуі болса, ерлерде – сперматогенездің бұзылысы, инфекциялар, эндокриндік және тұқым қуалайтын ақаулар жиі байқалады.
Уролог Қуаныш Нұрғалиұлы ерлердің бедеулікке қатысты медициналық көмекке сирек жүгінетінін айтты.
«Бедеулік жағдайларының жартысында ер фактор кездеседі. Алайда көп жағдайда ер адамдар мәселені кеш анықтайды. Сондықтан профилактика мақсатында спермограмма мен гормондық талдаулардан өтіп, зиянды әдеттерден бас тарту қажет», – деді ол.
Шара барысында генетик Айжан Орманқызы болашақ ата-аналар үшін генетикалық кеңес берудің маңыздылығына тоқталды. 
Оның айтуынша, тұқым қуалайтын аурулар қаупін алдын ала бағалау үшін кариотиптеу, HLA-типтеу және NGS (жаңа буынды секвенирлеу) әдістері қолданылады.
Сондай-ақ, ол эмбрионды жатырға салмас бұрын генетикалық ақауларды анықтауға мүмкіндік беретін предимплантациялық тестілеудің (PGT) тиімділігін атап өтті.
Мамандардың пікірінше, уақытылы медициналық тексеруден өту, дәл диагностика және заманауи емдеу әдістерін қолдану көптеген отбасына көптен күткен ата-ана бақытын сыйлауға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Алматыда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында бедеулікті емдеудің заманауи әдістері талқыланды
Алматыда акушер-гинекологтар конгресі өтіп жатыр

Алматыда Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының 50 жылдығына арналған халықаралық конгресс өтіп жатыр. Алқалы жиынға Қазақстан және шетелдің жетекші мамандары келді. Олар дәрігерлер ана мен бала өмірін сақтау, жастар арасында репродуктивтік сауаттылықты арттыру жайын талқылады. Алматыдағы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы саладағы талай білікті мамандарды дайындады. Ана мен бала өмірін сақтап қалуға бағытталған күрделі бастамалар да алдымен осы орталықта енгізілді. Мәселен, іштегі ұрыққа қан құю процедурасы алғаш рет 2006 жылы орталық мамандарының қатысуымен сәтті жүзеге асырылды. Сонымен қатар, феталды хирургия, яғни, жатырдағы ұрықты диагностикалау сәтті жүргізілуде. Бұл әдіс туабітті ауытқу мен өмірге қауіп төндіретін жағдайларды жүктілік кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Гүлфайруз Оразбаева, "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасы: - Ағзаны сақтап қалатын операцияларды сәтті енгізіп жатырмыз. Бұрын босанғаннан кейінгі қан кетуді тоқтатудың жалғыз жолы жатырды алып тастау болса, бүгінде біз мұндай жағдайларда жатырды сақтап қалуға мүмкіндік беретін баллонды тампонада әдісін кеңінен қолданудамыз. Сонымен қатар жатырдың магистральды тамырларын байлау арқылы қан кетуді тежейміз. Инновациялық әдістердің арқасында елімізде ана мен бала өлімі жыл сайын 10-12 процентке төмендеуде. Бұл акушерлік-гинекология саласын ғана емесе, неонатология саласын жетілдіру, мультидисциплинарлы көмек көрсетудің нәтижесі, дейді мамандар. Зәуреш Аманжолова, медицина ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері: - Егер бұрын совет кезінде мың грамнан жоғары бала бала деп есептеліп, одан төмен бала ол выкидыш деп есептейтін болса, ал біз сол 2008 жылдан бастап 500 грамдық баладан жоғары баланы тірі туылған бала деп есепке алғанбыз. Сондықтан әрине, ол көрсеткішті жақсарту оңай болған жоқ. Ол үшін жаңа технологиялар, жаңа білім жетістіктері қажет болды. Жаңа аппаратура керек болды. Елімізде 12-16 мамыр күндері денсаулық апталығы өтуде. Шара жастар мен ата-аналар арасында репродуктивтік сауаттылықты арттыруға бағытталған. Салауатты ұрпақ - отбасын жоспарлау мен бала сүюге дайындықтан басталады. Әрбір әйел жүктіліктің алдында толық тексеруден өтуі тиіс,-дейді дәрігерлер. Вячеслав Локшин, Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті: - Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі жүктілікке дайындықты міндетті көмек көрсету кешеніне енгізді. Яғни фолий қышқылын, дәрумендерді тағайындау және қажетті медициналық шаралар толық қамтылған. Әйелдерде кездесетін бүйрек, бауыр, жүрек ауруларын емдеу қажет. Әйел адам жүктілікке және босануға дені сау күйінде келуі тиіс. Сонда ғана біз ана өлімін екі есеге дейін азайтуға нақты қол жеткізе аламыз. Салада қол жеткізген жетістіктермен қатар, назар аударатын мәселелер де аз емес. Үш күндік конгресте мамандар жатыр мойны обырының алдын алу, бедеулік мәселелері, диагностикалау мен ауыр жүктіліктерді емдеуде жасанды интеллектіні қолдану тақырыптарын қаузамақ. Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/densaulyk/710214-almatyda-akuser-ginekologtar-kongresi-otip-zatyr
Қолданылған материалдарға міндетті түрде 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс
BOYZ
She has been nominated for an Academy Award, two Grammy Awards, and the Mercury Prize
АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАН АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГТАРЫНЫҢ 1-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕССІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.
Алматыда Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында өтіп жатқан «Отбасы денсаулығы – Қазақстанның болашағы» атты Қазақстан акушер-гинекологтарының 1-ші халықаралық конгресіне қатысушыларды Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ажар Гиният қарсы алды.

Ол стратегиялық құжаттарда, еліміздің мемлекеттік даму бағдарламаларында, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерде көрсетілген ана мен бала денсаулығын сақтауға бағытталған мемлекеттік саясат шараларын іске асыру аясында бұл форумның ерекше өзектілігін атап өтті.

Инфрақұрылым мәселесіне тоқталған А.Гиният соңғы 10 жылда елімізде небәрі 6 перинаталдық орталық салынғанын, қалған нысандар 20 және одан да көп жыл жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Ана мен балаға көмек көрсететін медициналық ұйымдар желісін кеңейту үшін министрлік 13 заманауи перинаталдық орталық салу мәселесін қарастырып, осыған байланысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісті.

Соңғы жылдары елімізде туу көрсеткішінің өсуі байқалады, жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Соңғы бір жылда ана өлімін 2,6 есеге, нәресте өлімін 6 пайызға қысқартуға қол жеткіздік.

Қазақстанда босанғанға дейінгі күтіммен қамту айтарлықтай жоғары, әрбір әйел жүктілік кезінде кем дегенде бір рет білікті медицина қызметкерлерінен пренаталдық тексеруден өтеді», - деді директордың м.а. бөлім басшылары.

Сондай-ақ, оның айтуынша, пренатальды скрининг сапасын арттыру үшін 20 облыста ұрықты қорғау орталықтары құрылып, пренаталдық диагностика бойынша 200-ден астам ультрадыбыстық мамандар оқытылды.
Білікті кадрларды даярлау мәселесінде өткен жылы «Ананы қорғау» бағыты бойынша республикалық бюджет есебінен 610 дәрігер мен 360 құрылысшы, «Ана мен ананы қорғау» бағыты бойынша 560 дәрігер, 780 құрылысшы біліктілігін арттырғаны атап өтілді. Балаларды қорғау».
Түркияның жетекші клиникасына біліктіліктерін арттыру және инновациялық практикалық дағдыларды дамыту мақсатында 44 маман, Ресейге 20-ға жуық акушер-гинекологтар, реаниматологтар және неонатологтар қызмет көрсететін персонал жіберілді.
Министрлік халықаралық ұсынымдарды ескере отырып, акушериядағы диагностика мен емдеуге арналған 14 КП бекітті және жаңартылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда және медицина қызметкерлерін, оның ішінде облыста оқыту мен олардың біліктілігін арттыруға жыл сайын мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді. акушерлік және балалық шақ.
А.Гиният Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған Сәби» арнайы бағдарламасының тиімділігін атап өтті. Нәтижесінде екі жыл ішінде 14 мың әйелге көмекші репродуктивті технологиялар қолжетімді болып, көптен күткен 4 мыңнан астам сәби дүниеге келді. Бұл бағдарлама «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін жалғасады», - деп қосты министр м.а.
А.Гиният бүгінде министрлік ана мен баланы қорғау тұжырымдамасын әзірлеп жатқанын, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын іске асыру 2030 жылға қарай халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруды, сондай-ақ әлеуметтік саланы жақсартуды қамтамасыз ететінін еске салды. әйелдер мен балаларға қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау жүйесі.
Ол форумға қатысушыларға ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы сапа көрсеткіштерін жақсарту бойынша нәтижелі жұмыс және тәжірибе алмасу тіледі.
Конгресс барысында ДДҰ сарапшысы, медицина ғылымдарының докторы Тинатин Гагуа (Дэвид Твилдиани медициналық университеті) жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңде сапалы күтімнің оң тәжірибесін қамтамасыз ету бойынша ДДҰ нұсқаулары туралы айтты.
Эксперттік пікірталас бағдарламасында жүкті әйелдердегі веноздық тромбоэмболияның диагностикасы мен еміне, акушерлік-гинекологиялық тәжірибеде веналық тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алуға, перинаталдық асқынулардың қаупін төмендетудің заманауи технологияларына және басқа да көптеген өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. акушерлік.
Конгреске Қазақстанның барлық аймақтарынан 300-ден астам акушер-гинеколог және онлайн режимінде 2000 сала мамандары қатысуда.

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/529340?lang=ru
https://ksph.edu.kz/ru/2023/04/i-%D0%BC% D0%B5%D0%B6%D0%B4%D1%83%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D1%8B%D0%B9-%D0 %BA%D0%BE%D0%BD%D0%B3%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%81-%D0%B0%D0%BA%D1%83%D1%88%D0% B5%D1%80%D0%BE%D0%B2-%D0%B3%D0%B8%D0%BD/
https://smi24.kz/ru/news/novosti/v-almatyi-nachal-rabotu-mejdunarodnyiy -конгресс-акушеров-гинекологов-694403/

Мейірбикелік қызмет туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының мейірбике қызметінің дәл осы мамандары өмірлерінің бір бөлігін осындай игі кәсіпке арнап, әйелдердің ана мен баланың дүниеге оңай, еркін енуіне атсалысуда. және қуанышпен. Жыл сайын олар тәжірибе жинақтап, кәсіби түрде өседі, олардың білімі үлкен шошқа банкіне салынып, бұл мамандарды мақтан тұтатын нағыз гауһар тастар етеді! Төменде медбикелік қызмет туралы бейнеге арналған сілтеме берілген. Халықаралық күндер: акушерлер; медбикелер.
https://cloclo-stock1.datacloudmail.ru/stock/get/jWfgxgK717HkZKA7nHx9Wgy5yC6ziJSGhQHUEuHzNhpdW6uDcQYj/Med%20centre.mp4
Жасалған: 07.05.2018
Эндометриоз - кең таралған гинекологиялық ауру
Эндометриоз - кең таралған гинекологиялық ауру және репродуктивті жастағы (20-45) әйелдерге тән. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының ГИНЕКОЛОГ-ДЕРЕКТЕРІ «Республикалық телеарнаның «PRO Health» телебағдарламасында аурудың себептері, белгілері, емі және алдын алу туралы әңгімелейді. Хабар 24.kz».
https://24.kz/ru/tv-projects/pro-zdorove/item/230970-pro-zdorove-endometrioz
Жасалған уақыты: 12.04.2018
Адамның сақтандырылғанын қалай білуге болады?
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы « Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» РМК директорының міндетін атқарушы Марат Хавсемет, # Литер газеті, Светлана Шестернева
https://liter.kz/ru/articles/show/ әңгімелейді. 33931 -kak_uznat_zastrahovan_li_chelovek_
Жасалған күні: 21.06.2017
Үшемді дүниеге әкелген 38 жастағы алматылық келіншек аудан басшыларынан көмек сұрайды
http://almaty.tv/news/news/v-almaty-mat-semerykh-d...
Жасалған күні: 04.03.2017


Еңбек – бұл қуаныш
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының гинекология және балалар гинекологиясы бөлімінің меңгерушісі Ерлан Тәжібаев.
https://liter.kz/ru/articles/show/33761-rabota_v_radost
Жасалған күні: 16.06.2017
Алматыда 51 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді


https://liter.kz/ru/articles/show/33761-rabota_v_radost
Жасалған күні: 14.03.2017


Армандар орындалады
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гүлфайруз Бисалиева.
https://liter.kz/ru/articles/show/33764-mechty_sbyvayutsya
Жасалған күні: 16.06.2017
Медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Гигиена және тұрақты медицина ғылыми орталығының директоры Ләзат Ақтаевамен «Хабар» ТК-ның «Тергеу бюросы» бағдарламасында сұхбат

https://liter.kz/ru/articles/show/33764-mechty_sby...
Жасалған күні: 03.03.2017


Қазақстандағы санитарлық авиация тікұшақтарының көпшілігі талапқа сай емес
Қызметтерді біріктіру: Науқас бортта. Ауыр жағдайда. Жүктілік кезіндегі асқынулар күтпеген жерден пайда болды. Әйелді шұғыл түрде облыстың шалғай ауылынан Алматыға алып кетеді. Жарты сағаттың ішінде әйелді акушерлік және гинекологиялық орталыққа жеткізді. Науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейінірек дәрігерлер: ана мен баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлайды. Науқас дер кезінде жеткізілді.

«Жыл басында біздің фельдшерлік-акушерлік орталыққа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2000 мыңға жуық әйел түсті. Оның ішінде жыл басында 100-ге жуық ауыр экстрагенитальды патологиясы бар әйел санитарлық авиация арқылы босанған », - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гүлфайруз Бисалиева. Қазақстан Республикасы.
https://almaty.tv/news/arkhiv/bolshinstvo-vertoletov-sanaviatsii-v-kazakhstane-ne-sootvetstvuet-trebovaniyam
Жасалған күні: 16.06.2017

Медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Гинекология және педиатрия ғылыми орталығының директоры Ләзат Ақтаевамен «Kazakh TV» ТК-ның «Әріптестік векторлары» бағдарламасында сұхбат

https://almaty.tv/news/arkhiv/bolshinstvo-vertoletov-sanaviatsii-v-kazakhstane-ne-sootvetstvuet-trebovaniyam
Жасалған уақыты: 01.03.2017
https://almaty.tv/news/arkhiv/bolshinstvo-vertoletov-sanaviatsii-v-kazakhstane-ne-sootvetstvuet-trebovaniyam">
Ұлттық қартаю және болжау орталығының мамандары Гүлфайруз Бисалиева мен Бибігүл Әбдіқадырованың «Айтуға онай» бағдарламасының кейіпкері 3 науқасқа бедеулік мәселелері бойынша дәрігерлік-кеңес беру көмегін көрсету.
https://itube.kaztrk.kz/videos/8126/bir-perzenttin...
Жасалған күні: 27.01.2017 ж.
Ләззат АҚТАЕВА: Медициналық сақтандыру қызмет сапасын арттырады
Ана денсаулығын сақтау – еліміздің келешектегі демографиялық, экономикалық, еңбек, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс әлеуетінің негізін қалыптастыратын, денсаулық сақтау жүйесінің басты бағытының бірі. https://aikyn.kz/
Создано: 13.10.2016
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМКК) шеңберінде Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына (NCAGiP) 2017 жылға ЭКО процедурасына 120 квота бөлінді.

Биыл мемлекет көмегімен 100-ге жуық алматылық жұп ата-ана атана алады. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында Алматы қаласына экстракорпоралды ұрықтандыруға бағытталған 97 квота бөлінген.
http://almaty.tv/news/news/okolo-100-almatinskikh-par-v-etom-godu-smogut-stat-roditelyami-s-pomoschyu-gosudarstva
Жасалған күні: 20.01.2017

Жаңалықтар 09.05.2016 ж
Құрылған: 09.05.2016
Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қоры перинатологиялық орталыққа құрал-жабдықтар сыйлады

Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына өмірлік қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Бұл шала туған нәрестелерді құтқаруға және жеткізуге көмектесетін бірнеше құрылғылар.

https://31.kz/video/show/id/16044

Жасалған күні: 23.12.2016


Еңбек сіңірген қайраткер Нина Каюпова 80 жасқа толып отыр

Бүгін Алматыда акушер-гинекологтардың съезінде Нина Каюпованы 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтаулар келіп түсті. Дәрігер, ғалым, сонымен қатар медицина ғылымдарының докторы, профессор ол бүкіл саналы ғұмырын ана мен балаға адал қызмет етуге арнады.

http://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/55189-za...
Жасалған күні: 13.05.2016


«Асыл Мирас» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына өмірлік қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.
Бүгін Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына жаңа медициналық жабдықты сыйға тартуда: неонаталдық реанимация бөліміне 2 электр аспирациялық сорғыш қондырғысы, орталықтандырылған медициналық газбен жабдықтау жүйесі, жаңа туған нәрестелерге арналған желдеткіш, фототерапияға арналған 4 шам.

http://pressclub.kz/2016/12/20/asyil-miras-peredal-zhiznenno-neobhodimoe-oborudovanie-v-nauchnyiy-tsentr-akusherstva-ginekologii-i-perinatologii-mz-rk/#.WFzzr33IaGZ2
Жасалған күні: /20.2016 ж

Контактілер
Мекен-жайы: Алматы қ., Достық даңғылы, 125.
+7 (727) 300‒45‒99
Анықтама телефоны: 8 (727 )300-45-39
*  Пациенттердің кіріс қоңырауларын қабылдау және өңдеу;
* Медициналық орталықтың қызметтері, жұмыс режимі, процедуралардың құны және басқа да ақпараттар бойынша пациенттерге кеңес беру;
* Белгіленген регламентке сәйкес пациенттерді дәрігерлерге және процедураларға жазу;
* Пациенттер туралы және олардың сұраныстары туралы ақпаратты деректер базасына енгізу және өңдеу;
* Жоғары деңгейдегі қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және медициналық орталықтың оң имиджін қолдау;
* Клиенттермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және оқуға қатысу.

rnicozmir_50@mail.ru
8.00 до 16:30
Made on
Tilda